Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" - "Манчестер Юнайтед": Айдын Қожахметтің шайқасқа қатысты болжамы

Опубликовано:

Манчестер Сити - Манчестер Юнайтед
Фото: Parimatch

"Ситидің" "требл" жасауға бірегей мүмкіндігі бар - яғни, бір команда үш турнирде: чемпионатта, Ұлттық кубокта және еурокубоктардың бірінде жеңіске жетуі керек. Ол үшін Гвардиоланың шәкірттері олжаны "Юнайтедтегі" көршілерінен қағып алып, содан кейін Чемпиондар Лигасының финалында "Интерді" жеңуі керек. Бірақ "Манчестер Юнайтед" бұрыннан келе жатқан қарсыласының өршіл жоспарын бұзуға тырысатыны анық.

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы текетіреске қатысты өз болжамын бөлісті.

"Манчестер Сити"

Бұл команданы әлемдегі ең үздік және мінсіз, әлсіз жақтары жоқ, нағыз жеңіс машинасы деп атайды. Бірақ кез келген машина істен шығуы мүмкін. Әсіресе, алда Чемпиондар лигасының финалы күтіп тұрған кезде маңызды ойыншылардың кез келгенінің ойынға қатыспау қаупін жоққа шығару керек. Сондықтан, менің ойымша, Хосеп Гвардиола Кевин Де Брейн, Джек Грилиш, Мануэль Аканжи және Рубен Диаштың денсаулығымен тәукел етпейді – олардың азғантай болса да жарақаттары бар болып отыр. Бірақ "Сити" бұл төртеуінсіз де мықты команда болып қала береді.

"Манчестер Юнайтед"

Маусым "Қызыл сайтандар" үшін сәтсіз болды деп айтуға болмайды - чемпионатта 3-ші орын, басты қарсыластары "Челси" мен "Ливерпуль" артта қалды. Бірақ МЮ сияқты үлкен клуб қола медальді қанағат тұта қоймас. Әсіресе "алтын" түбегейлі қарсыластың қанжығасына байланатын болса... Сондықтан Англия Кубогының олжасы туралы айтқанда, текетірес одан да қызу өтетіні сөзсіз.

Тек, Эрик Тен Хаг шайқасты Марсель Забитцер, Антони Марталь және Лисандро Мартинессіз өткізуіне тура келеді. Бразилиялық Антонионың да шайқасқа қатысуы күмән тудырады.

Жеке кездесулер тарихы

Қарсыластар мәресіне жетіп қалған чемпионатта өз ойын алаңында бір-бір реттен жеңіске жеткен. Холанд пен Фоденнің хет-триктерімен ерекшеленетін "Этихадтағы" ойсырата жеңіп шыққан ойын ерекше есте қалды – 6:3. Жалпы, соңғы жылдары бұл командаларға қатысты тұрақты есеп пен нәтиже жоқ - әрқайсысы жеңіске үміттене алады. Қай стадионда ойнаса да маңызды емес.

Матчқа болжам

Бұл Кубоктың финалы. Екі командаға да жеңіске жету мүмкіндігі бар. Сондықтан мен голдар екі жақтан да соғылады деп ойлаймын. "Екеуі де гол соғады - иә",

менің Parimatch-тағы серіктестерім жомарт коэффициент - 1.78 беріп отыр. Мен осы деректі пайдалануды ұсынамын.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

"Манчестер Сити" - 1.54, тең ойын – 4.60, "Манчестер Юнайтед" - 5.80

Англия Кубогының басты матчына Parimatch-пен бірге ұтыс тігіңіз және шотты алғашқы рет толықтырғаныңыз үшін +100% бонус алыңыз.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2023147-mancester-siti-mancester-yunaited-aidyn-qozaxmettin-saiqasqa-qatysty-bolzamy/