jitsu gif
Спорт

    "Манчестер Сити" Англия кубогының жеңімпазы атанды

    Манчестер Сити
    "Манчестер Сити" ойыншылары жасыл алаңда. Фото: Twitter/Manchester City

    "Манчестер Сити" клубы футболдан Англия кубогының жеңімпазы атанды.

    Гвардиоланың шәкірттері финалда "Манчестер Юнайтедпен" ойнады. Тартысты өткен матчта 2:1 есебімен "Манчестер Сити" жеңіске жетті.

    Гол авторлары: Илкай Гюндоган (дубль) - Бруну Фернандеш (он бір метрлік айып добынан).

    "Манчестер Сити" жартылай қорғаушысының 13-секундта соққан голы Англия кубогының тарихындағы ең жылдам доп болып тіркелді.

    Айта кетейік, "Манчестер Сити" Англия кубогын жетінші рет ұтып алып, "Астонн Вилламен" теңесті. Бұл маусымда Гвардиоланың шәкірттері ел біріншілігін мерзімінен бұрып жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты.

    "Манчестер Сити" Англия кубогының жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.