Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: Карим Бензема "Реал Мадрид" сапынан кететін болды

Опубликовано:

Кәрім Бензема
Кәрім Бенземаның "Алтын допты" жеңіп алған сәті. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

"Реал Мадрид" футбол клубының капитаны, "Алтын доп" иегері Карим Бензема маусым аяқталған соң карольдік ұжым сапынан кететін болды. Бұл ақпаратты "Реал Мадрид" клубының ресми сайты растады.

Карольдік клуб пен шабуылшы келісімшартты тоқтату туралы өзара шешімге келген.

"Реал" ұжымы клубтың аңыз ойыншыларының біріне алғысын білдіреді. Келесі сейсенбі, 6 маусым күні 12:00-де карольдік клубтың президенті Флорентино Перестің қатысуымен Карим Бенземаны шығарып салу рәсімі өтеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Карим Бензема "Реал Мадрид" сапында 2009 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол карольдік ұжым сапында 647 матч өткізіп, 353 гол соққан және әріптестеріне 165 нәтижелі пас берген.

Карим Бензема "Реал Мадрид" сапында 25 жүлде ұтты. Оның ішінде Чемпиондар лигасының бес кубогы бар.

Сонымен қатар шабуылшы "Алтын допты" жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2023308-resmi-karim-benzema-real-madrid-sapynan-ketetin-boldy/

pixel