jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

    жастар құрамасы
    Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Қайрат Нұрдәулетов жаттықтыратын Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жиын 10-17 маусым аралығында "БИІК" жаттығу базасында болады.

    Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов алдағы жиынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады. 

    Тізімге 23 ойыншы енді:

    Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Никита Пивкин ("Елімай"), Әлішер Сүлеймен ("Жеңіс");

    Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов ("Атырау"), Александр Широбоков, Александр Мрынский, Лев Кургин (барлығы – "Қайрат"), Ерсұлтан Калдыбеков ("Тараз"), Даниил Нырков, Микаэль Асқаров (екеуі де – "Екібастұз"), Сұлтан Асқаров ("Қайрат-Жастар"), Әділхан Добай ("Мақтаарал");

    Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Мирас Көбеев (екеуі де – "Қайрат"), Ғалым Бейбіт ("Тобыл"), Нұрғайни Бөрібаев ("Тұран"), Мейрамбек Қалмырза ("Оқжетпес"), Давид Есімбеков ("Жетісу"), Айбар Абдулла ("Шахтер"), Нұралы Жақсылық ("Астана"), Дархан Бердібек ("Каспий");

    Шабуылшылар: Иван Свиридов ("Шахтер"), Денис Митрофанов ("Ислочь", Беларусь).

    Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың бапкері.

    Қазақстан жастар құрамасы Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.