Ең көп жалақы алатын футболшылар кім
Опубликовано:

Әлемдегі ең көп жалақы алатын футболшылар кім. Бұл сауалға KAZ.NUR.KZ тілшісі жауап іздеп көрді.
Көш басында "Әл Наср" сапында доп тебетін Криштиану Роналду тұр.
Ол тек футболшылардың арасында ғана емес, спорт саласындағы ең көп жалақы алатын ойыншы.
Forbes нұсқасы бойынша, өткен жылы Роналду 136 млн доллар тапқан.
Екінші орында Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси. Ол португалиялық сұрмергеннен 6 млн доллар аз тапты.
Үздік үштікті Франция құрамасы мен "ПСЖ" клубының шабуылшысы Киллиан Мбаппе қорытындылады. Жас ойыншы өткен жылы 120 млн табыс тапты.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2023666-en-kop-zalaqy-alatyn-futbolsylar-kim/