Маңызы жағынан үшінші еурокубок италиялық-ағылшындық болып шықты. "Шегіргүлдер" үшін де, "балғалылар" үшін де бұл көптеген жыл бойы шынымен мағыналы нәрсеге қол жеткізудің тамаша мүмкіндігі. Бұл клубтардың қоржындары олжаға бай клубтардың қатарынан емес, сондықтан, үлкен жеңістердің дәмі оларға таныс емес десек артық болмас. Бірақ Прагадағы "Фортуна Арена" стадионында олардың тарихқа енудің бірегей мүмкіндігі бар.
Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет алдағы текетіреске қатысты өз болжамын бөлісті.
"Фиорентина"
Бұл Винченцо Итальяно үшін "Фиорентинаны" басқарған соңғы матч болуы мүмкін. Оның алдында Италия чемпионы – "Наполимен" келісім шарты күтіп тұр. Тек қол қою керек. Бірақ бұл қазір маңызды емес, өйткені осы Прага кешінде Итальяноның ойы тек бір мәселеге шоғырланған – осы маусымды есте қаларлықтай әсермен аяқтау. Флоренциялықтар жеңіс үшін күресті алғашқы минуттардан бастайды, өйткені олар қорғаныста шоғырлануға дағдыланбаған. Егер "Фиорентина" жеңіске жетсе, олжа Аппенин түбегінде қалатын болады.
Қосалқы қақпашы Сальваторе Сиригудың жарақатынан, сондай-ақ Гаэтано Кастровиллидің жеңіл зақымдануынан басқа, "шегіргүлдердің" құрамы сақадай сай деп айтуға болады. Оған қоса, дәрігерлердің болжамдары жанға жай сыйлайтындай, жартылай қорғаушы матчқа өтінім тізіміне енуі әбден мүмкін деп айтуда.
"Вест Хэм"
Дэвид Мойес және оның шәкірттері АПЛ турнир кестесінің 14-ші қатарында аяқтап, маусымды орта көрсеткіштермен өткізді. Бірақ егер олар өз тарихындағы үшінші халықаралық кубокты жеңіп ала алса, "балғалылар" қоржыны маңызды олжаға толықтырылатын болады: 1965 жылы клуб Кубок иегерлерінің Кубогын жеңіп алды, ал 1999 жылы Интертото Кубогының үш жеңімпазының бірі болды. Бұл турнирлер енді естен шыққан десе де болады, бірақ бірде-бір ағылшын клубы Конференциялар лигасында жеңіске жетіп көрген жоқ. Жалпы, әзірге бұл тек итальяндық "Романың" қолынан келген екен.
Италиялық тақырыпты жалғастыратын болсақ, шабуылшы Джанлукка Скамакка "Вест Хэмге" көмектесе алмайтынын ескере кеткен жөн. Қалғандары сақадай сай және алаңға шығуға дайын.
Жеке кездесулер тарихы
Бұл туралы айтатын еш жаңалық жоқ, себебі: бұл клубтар алаңда ешқашан бас түйістірген емес. Клубтар арасындағы тарих, таза парақтан жазылатын болады.
Матчқа болжам:
Екі команда да мықты қорғаныспен ерекшеленіп отырған жоқ. Сонымен қатар, олар мықты шабуыл көрсете алады және шабуылды жасай алатын білікті орындаушыларға ие. Сондықтан "иә - екеуі де гол соғады" деген ұсыныс тартымды болып көрінеді. Менің Parimatch-тағы серіктестерім бұл оқиғаны 1.87 коэффициентімен бағалап отыр
Бірақ егер сіз еурокубоктардың финалында қателік бағасының тым жоғары болуына байланысты тәуекел етуді дұрыс емес деп санайтын, адамдар қатарынан болсаңыз, онда мен Сізге P2 F(0) нұсқасын қарастыруға кеңес бере аламын. Мұндағы коэффициент те жаман емес деп айтуға болады-1.98.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2023808-fiorentina-vest-xem-konferenciyalar-ligasynyn-finalyna-aidyn-qozaxmettin-bolzamy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.