Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Сити" - "Интер": Айдын Қожахметтің Чемпиондар лигасының финалына болжамы

Жарияланған күні:

"Манчестер Сити" – "Интер"
Фото: Parimatch

Чемпиондар Лигасының финалында көптеген жылдан бері алғаш рет айқын фаворит бар. Әдетте, аз болса да артықшылық әрқашан қатысушылардың біріне алдын ала берілетін, бірақ букмекерлер командалардың біріне сенім артпауы – сирек кездесетін құбылыс.

Бұл "Интер" финалға лайық емес дегеніміз емес. Жоқ. Алайда, қазіргі "Ситидің" мықтылығы жұртты таң қалдырып отыр. Оны "Бавариямен" ширек финалдық қақтығыста, әсіресе "Реалмен"жартылай финалда көрсеткен ойындарынан байқауға болады. Бірақ осы дара матчта бәрі де мүмкін. Чемпиондар лигасының финалының сиқыры осыда!

Parimatch сарапшысы Айдын Қожахмет жылдың басты матчына қатысты өз болжамын бөлісті.

"Манчестер Сити"

Пеп Гвардиоланың шәкірттері дәл бүгінгі күндегідей мінсіз болғаны есімде жоқ. Бұл "Ситидің" әлсіз жақтары жоқ сияқты көрінеді. Холланд, Де Брейне, Гюндоган және Бернарду Силва кез келген қарсыласына үрей туғыза алады. Жылдың басты матчы қарсаңында, олардың құрамында осы күнге дейін ойыншылар шығыны жоқ. Требл жасауға тек бір ғана қадам қалды. Олай болса, маусымның барлық басты олжалары жеңіп алынатын болады.

"Интер"

Симоне Индзаги-финалды ойындардың шебері. Оның есебінде жеңіп алынған 3 Италия кубогы және 4 Суперкубок бар. Яғни, оның команданы маңызды матчқа дайындап, жоспар құрып, жеңіске жете алатын қабілеті бар. Бүгінгі таңда дәл осы фактор, ең алдымен, "Интер" жанкүйерлеріне болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік береді.

Егер біз команда құрамы туралы айтатын болсақ, онда "неррадзурридің" жағдайы азды-көпті жаман емес: сапта бұрынырақ жарақат алған сол жақ қорғаушы Деальберт жоқ, сонымен қатар техникалық аргентиналық шабуылшы Хоакин Корреаның қатысуы сұрақ астында тұр. Бірақ, бұл екі ойыншы да "Интер" үшін негізгі ойыншылар қатарынан емес, сондықтан бұл шығындарды елеулі деп атауға болмайды.

Жеке кездесулер тарихы

Бұл клубтар алаңда бар жоғы екі рет қана бас түйістірген. Осы кездесудің бірі баяғыда және жолдастық кездесулер аясында өткен. 2010 жылы итальяндықтар 3-0 есебімен үлкен жеңіске жеткен, бір жыл өткен соң ойын керісінше есеппен "Ситидің"пайдасына аяқталған болатын.

Матчқа болжам

Бір жағынан, мен сіздерге "Гюндоган 1-ден астам гол соғады" деген сияқты ерекше болжам ұсынғым келеді. Бірақ бұл финал, тәуекел етуге болмайды. Екінші жағынан, айқын болжамдар онсыз да төмен коэффициенттермен көрсетіліп отыр. Сондықтан мен 2 нұсқаны ұсынамын: менің Parimatch-тағы серіктестерімнің Ж1 Ф (-1) 1.74 нұсқасы, не болмаса, "иә - екеуі де гол соғады" нұсқасына 1.95 коэффициенттері. Баршаңызға сәттілік!

Parimatch мамандары "Манчестер Сити" - "Интер Милан" қақтығысына келесідей коэффициенттерді ұсынады:

"Манчестер Сити" - 1.50, тең ойын - 4.96, "Интер" - 7.2

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2024135-mancester-siti-inter-aidyn-qozaxmettin-cempiondar-ligasynyn-finalyna-bolzamy/