jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Футболдан Қазақстан құрамасының жаттығуына Зайнутдинов қосылды (видео)

    футболшы
    Бақтиер Зайнутдинов Беларуське қарсы матчта. 22 қыркүйек. Фото: kff

    Мәскеулік ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасының оқу жаттығу жиынына қосылды.

    Бұл туралы видеоны Қазақстан футбол федерациясысы Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

    Кадрдан Бақтиер Зайнутдиновтың Алматы әуежайына ұшып келгенін аңғаруға болады.

    Жартылай қорғаушы футболдан Ресей кубогының суперфиналына қатысып, Қазақстан құрамасының жаттығуына ең соңғы қосылып отыр.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді.

    16 маусым күні Магомед Адиев командасы Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі. Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

    Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды.

    Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған.

    Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.

    Футболдан Қазақстан құрамасының жаттығуына Зайнутдинов қосылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.