jitsu gif
Спорт

    Қытайлық жанкүйерлер төрт күн бойы Месси тұратын қонақүйді торуылдап жүр

    Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен
    Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

    15 маусым күні Бейжіңде футболдан Аргентина мен Австралия құрамалары жолдастық кездесу өткізеді. Осыған орай, әйгілі Лионель Месси Бейжіңге келді, деп хабарлайды Риа Новости сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қытайлық фанаттар әлем футболының жұлдызын көру үшін ол тұрақтаған қонақүй маңында сағаттап отыруға мәжбүр. Себебі Месси өткен сенбіден бері Бейжіңде жүр.

    Аргентина құрамасы орналасқан қонақүй маңында Мессидің аты жазылған жейде киген жанкүйерлердің қарасы көп. Олардың бәрі де әйгілі футболшыны бір көріп қалуды армандауда.

    Бұған дейін қытайлық мемлекеттік басылымдар Аргентина құрамасының жоспарлы жаттығуы жанкүйерлер кесірінен өтпей қалғанын мәлімдеген болатын.

    Мессиді көргісі келетін жанкүйерлердің көптігінен футболшылар қонақүйден шыға алмай, жаттығу кейінге шегерілді.

    Қытайлық жанкүйерлердің бірі Месси тұрақтаған қонқүйден қыруар ақшаға нөмір броньдап қойған.

    Қытайлық жанкүйерлер төрт күн бойы Месси тұратын қонақүйді торуылдап жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.