jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Месси 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына қатыса ма

    Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен
    Лионель Месси Әлем чемпионатының кубогымен. Фото: Twitter/Fifa World Cup

    Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына қатыспайтынын жеткізді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

    "Мен бұған дейін келесі әлем чемпионатына қатыспайтынымды айтқанмын. 2022 жылғы төртжылдықтың ірі додасы мен үшін соңғы әлем біріншілігі болды. Қандай жағдай орын алатынын көреміз, алайда келесі әлем чемпионатына бармаймын", - деді Месси қытайлық Sports Weekly басылымына берген сұқбатында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Лионель Мессидің Бейжің (Қытай) әуежайында шекаралық бақылаудан өту кезінде қиындыққа тап болғанын жазған едік.Аргентина құрамасының капитаны Қытай астанасына командаластарымен бірге Аустралиямен жолдастық матч өткізу үшін келген.

    Месси 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына қатыса ма

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.