jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға қарсы матчқа Италияда дайындалып жатыр (фото)

    футболшы
    Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Қазақстан құрамасы Италияның Парма қаласында жаттығу жұмыстарын жасап жатыр.

    Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлады.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде сырт алаңда екі матч өткізеді.

    Ертең, 16 маусымда Магомед Адиевтің шәкірттері Сан-Мариномен Италияның Парма қаласында кездеседі.

    Ойын "Эннио Тардини" стадионында елорда уақытымен 00:45-те басталады.

    Үш күннен кейін ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен ойнайды.

    Кездесудің басталуы Астана уақытымен 00:45-ке жоспарланған. Матч Белфаст қаласы, "Уиндзор Парк" стадионында өтеді.

    Футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға қарсы матчқа Италияда дайындалып жатыр (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.