Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан әлем және Еуропа чемпионы атанған ойыншы өмірден өтті

Опубликовано:

Ойыншы футбол ойнауда
Көрнекі сурет: pixabay.com

Футболдан Германия Федеративті Республикасы сапында әлем және Еуропа чемпионы атанған Хорст-Дитер Хеттгес қайтыс болды. Бұл туралы Meta-Ratings.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Хеттегс 79 жасында көз жұмған. Оның соңғы кездері деменциямен ауырғаны белгілі болды.

Футболшы өз мансабының басым бөлігін бремендік "Вердер" сапында өткізіп, Бундеслигадағы 14 жыл ішінде 483 матчқа қатысқан.

Сондай-ақ Хорст-Дитер 1966-1974 жылдар аралығында Германия ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, 66 матч өткізген.

Ол 1972 жылы әлем чемпионы, 1974 жылы Еуропа чемпионы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2027385-futboldan-alem-zane-europa-cempiony-atangan-oiynsy-omirden-otti/

pixel