jitsu gif
Спорт

    Әйгілі Карло Анчелотти 2024 жылы Бразилияның бас бапкері атанады

    Карло Анчелотти
    Карло Анчелотти. Фото: Jean Catuffe/Getty Images

    Италиялық Карло Анчелотти 2024 жылдан бастап футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері болмақ. Бұл туралы rsport.ru басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Анчелоттидің бес дүркін әлем чемпиондарын жаттықтыратыны туралы ақпарды Бразилия футбол конфедерациясының президенті Эдналдо Родригес мәлімдеді.

    Қазіргі тағда Анчелотти мадридтік "Реал" командасын жаттықтырады. Карлоның "Реалмен" келісімшарты 2024 жылдың жазында аяқталмақ.

    Футболдан Бразилия құрамасы әлем чемпионатын бес рет жеңіп алған. Соңғы рет олар 2002 жылы Оңтүстік Корея мен Жапонияда өткен әлемдік сында топ жарды.

    Содан кейінгі мундиальдарда бразилиялықтардың жолы болар емес.

    Әйгілі Карло Анчелотти 2024 жылы Бразилияның бас бапкері атанады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.