Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду бастаған көш: тағы бір әйгілі футболшы Сауд Арабиясына ауысып келді

Опубликовано:

Роберто Фирмино
Роберто Фирмино. Фото: instagram/roberto_firmino

Бразилиялық футболшы Роберто Фирмино саудиялық "Әл-Ахли" клубының ойыншысы атанды. Бұл туралы rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фирмино маусым соңында ағылшындық "Ливерпуль" сапынан кеткен болатын. Transfermarkt порталының мәліметінше, 31 жастағы ойыншы мен "Әл-Ахли" арасындағы келісімшарт 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Осылайща, Фирмино "Челсидің" бұрынғы қақпашысы Эудард Мендидің командаласы атанбақ.

Еске сала кетейік, Роберто Фирмино 2015 жылы "Ливерпульге" ауысып, команда сапында 362 матч өткізген.

Оның еншісінде 111 гол бар. Фирмино "Ливерпуль" сапында Чемпиондар лигасын жеңіп алды.

Айта кетелік, қазіргі таңда әлемнің үздік ойыншылары жаппай Сауд Арабиясы чемпионатына ауысуда. Бұл көшті бірінші болып Криштиану Роналду бастады. Ол "Әл-Наср" клубының намысын қорғауда.

Одан бөлек, Карим Бенземе, Нголо Канте сынды үздік ойыншылар да саудиялық клубтардың жейдесін киді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2027656-ronaldu-bastagan-kos-tagy-bir-aigili-futbolsy-saud-arabiyasyna-auysyp-keldi/

pixel