jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды

    Сейілда Байшақов
    Сейілда Байшақов. Фото: kff.kz

    Даңқты қазақстандық футболшы Сейілда Байшақов өмірден озды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қазақ футболының аңызы, Қазақстан ардагерлер футболы одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясының кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды.

    "Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық "Қайраттың" капитаны атанып, КСРО ұлттық құрамасында ойнайды.

    Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді.

    Қазақстан футбол федерациясы Сейілда Икрамұлының туысқандары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Сейілда Байшақов есімі біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - делінген хабарламада.

    Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.