jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Барселонаның" аңыз ойыншысы Мессидің жаңа командасында доп тебетін болды

    Футболист Серхио Бускетс
    Серхио Бускетс. Фото: Photo by Jose Breton/Pics Action/NurPhoto via Getty Images

    "Барселона" футбол клубының аңыз ойыншысы Серджи Бускетс "Интер Майами" ойыншысы атанды.

    Бұл ақпаратты "Интер Майами" клубының ресми сайты растады.

    35 жастағы жартылай қорғаушы мен атақты Дэвид Бекхэмнің командасы 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды.

    Футболшы "Интер Майами" сапына еркін агент ретінде қосылды.

    Серджи Бускетс бұған дейін "Барселона" клубынан келісімшартының аяқталуына байланысты кеткен еді.

    Ол католониялық ұжымда 17 жасынан бастап доп теуіп, Испания чемпионаты мен кубогын, Чемпиондар лигасын және тағы басқа көптеген жүлде жеңіп алған. Сонымен қатар жартылай қорғаушы "Барселона" капитаны қызметін де атқарды.

    Айта кетейік, жақында "Интер Майами" клубы ресми түрде Лионель Мессидің АҚШ чемпионатында (MLS) доп тебетінін хабарлады.

    "Барселонаның" аңыз ойыншысы Мессидің жаңа командасында доп тебетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.