Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Украина Ресейді УЕФА мен ФИФА қатарынан шығаруды талап етіп, хат жолдады

Опубликовано:

Футболдан Ресей құрамасы
Футболдан Ресей құрамасы. Фото: rfs.ru

Украина футбол қауымдастығы Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен Еуропа футбол қауымдастықтарының одағына (УЕФА) хат жолдады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Украина футбол қауымдастығы Ресей футбол одағын УЕФА мен ФИФА қатарынан шығаруды талап етті. Бұған қырымдық клубтардың Екінші лига матчтарында өнер көрсетуі себеп болған.

"Ресейліктердің украиналық клубтарды өз чемпионатына қосуына қатысты біз бірнеше рет ФИФА мен УЕФА-ға шағым түсірдім. Тағы да сіздерге мәлімдеме жасап, Ресей футбол одағын УЕФА мен ФИФА мүшелігінен шығаруды талап етеміз", - делінген ұйымның ресми сайтында.

Еске сала кетейік, маусым айында ялталық "Рубин" мен "Севастополь" Ресей чемпионатының екінші лигасында өнер көрсетуі ұлттық футбол лигасының аттестациясынан өткен еді.

Жексенбі күні аталған командалар үшінші дивизиондағы алғашқы матчын өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029032-ukraina-reseidi-uefa-men-fifa-qatarynan-sygarudy-talap-etip-xat-zoldady/

pixel