"Әл-Наср" клубы Роналду алаңнан кеткен соң 5 гол жіберіп алды
Опубликовано:
Криштиану Роналду өнер көрсететін "Әл-Наср" клубы жолдастық кездесуде ойсырай ұтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Португалияның Фару қаласында өткен жолдастық кездесуде "Әл-Наср" клубы испаниялық "Сельтамен" ойнады.
Матч 0:5 есебімен испаниялық ұжымның пайдасына аяқталды.
"Әл-Наср" клубының капитаны Криштиану Роналду мен жақында ғана команда сапына қосылған Марцело Брозович жолдастық кездесуді алғашқы минуттан бастап, екінші таймда алмастырылды.
52-минутта Сауд Арабиясында өнер көрсететін ұжымның футболшысы "қызыл" қағаз алып, алаңнан қуылды. Осыдан кейін 20 минуттың ішінде "Сельта" қарсыластың қақпасына жауапсыз бес гол соқты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2029081-al-nasr-kluby-ronaldu-alannan-ketken-son-5-gol-ziberip-aldy/