jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бавария" клубы белгілі кореялық ойыншы 50 млн еуроға сатып алды (фото)

    Футбол
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Ким Мин Чжэ "Бавария" ойыншысы атанды. Бұл ақпаратты мюнхендік клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бавария" клубының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, мюнхендік ұжым пен кореялық қорғаушы 2028 жылға дейін келісімшартқа отырды. "Наполи" клубы бұл трансфер үшін 50 миллион еуро алған.

    Алдағы маусымда Ким Мин Чжэ "Бавария" сапында үшінші нөмірмен ойнамақ.

    Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның қорғаушысы Ким Мин Чжэ өткен маусымда "Наполимен" бірге Италия чемпионы атанып, біріншіліктің ең үздік қорғаушысы болды.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубы тағы бір белгілі футболшымен келісімшартқа отырғанын жазған едік.

    "Бавария" клубы белгілі кореялық ойыншы 50 млн еуроға сатып алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.