jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Бавария" клубының футболшылары бір матчта жауапсыз 27 гол соқты

    "Бавария" футбол клубы
    "Бавария" футбол клубының ойыншылары жасыл алаңда. Фото: Alexander Hassenstein/Getty Images

    "Бавария" футбол клубының ойыншылары жолдастық кездесуде 27 гол соқты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі мюнхендік ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бавария" футбол клубы жолдастық матчты Германия біріншілігінің тоғызыншы дивизионында өнер көрсететін "Роттах-Эгерн" командасына қарсы өткізді.

    Ойын кезінде мюнхендік ұжымның ойыншылары басымдылықты түбегейлі қолдарына алып, қарсыластың қақпасына 27 гол соқты. Ал "Роттах-Эгерн" командасы есеп аша алған жоқ.

    Айта кетейік, "Бавария" сапынан Матис Тель (пента-трик), Джамал Мусиала (пента-трик), Марель Забитцер (пента-трик), Серж Гнабри (хэт-трик), Лерой Сане, Дайо Упамекано, Нуссаир Мазрауи, Конрад Лаймер, Альфонсо Дэвис, Рафаэл Геррейру, Райан Гравенберх, Кингсли Коман және Садьо Мане мергендігімен көзге түсті.

    "Бавария" клубының футболшылары бір матчта жауапсыз 27 гол соқты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.