jitsu gif branding logo appbranding logo app

    33 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысы командасыз қалды

    футболшы
    Елдос Ахметов. Фото: ҚФФ

    Павлодарлық "Ақсу" клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Елдос Ахметовпен келісімшартты бұзды. Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлайды.

    Елдос Ахметов "Ақсу" сапына осы маусымның басында қосылған болатын. Тәжірбиелі қорғаушы павлодарлық ұжымда Қазақстан біріншілігінде жеті және ел кубогында бір ойынға қатысты.

    Айта кетейік, Елдос Ахметов Тараз футболының тәрбиеленушісі болып табылады.

    Оның Қазақстан біріншілігіндегі дебюті 2009 жылы Павлодарлық "Ертіс" құрамында өтті.

    Сондай-ақ қорғаушы "Тараз", "Астана", "Қайсар" және "Қайрат" сияқты клубтарда доп тепкен.

    Бұдан бөлек Елдос Ахметов Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті.

    33 жастағы Қазақстан құрамасының ойыншысы командасыз қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.