jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "МЮ" 50 миллионнан астам еуроға қақпашы сатып алды (фото)

    қақпашы
    Көрнекі фото: pexels.com

    Андре Онана "Манчестер Юнайтед" сапына қосылды. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Манчестер Юнайтед" пен Андре Онана 5 жылға келісімшартқа отырды.

    Бұл трансфер үшін миландық "Интер" футбол клубы 52,5 миллион еуро төлемақы алған. Сонымен қатар шартта 5 миллин еуроға дейінгі қосымша ақы қарастырылған.

    Айта кетейік, Онана өткен маусымда "Интер" сапында 24 матчқа қатысып, 24 гол жіберіп алды.

    Ал "Манчестер Юнайтедтің" бұған дейінгі қақпашысы Давид Де Хеа келісімшарттың аяқталуына байланысты ұжым сапынан кетті. Қазіргі уақытта ол еркін агент. БАҚ беттерінде Давид Де Хеа Криштиану Роналду доп тебетін "Әл-Наср" клубына қосылады деген ақпарат тарап жатыр.

    "МЮ" 50 миллионнан астам еуроға қақпашы сатып алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.