jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Маңызды турнир алдында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

    Мадияр Кембілов
    Мадияр Кембілов. Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Қазақстандық маман Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның футбол федерациясы хабарлады.

    Мадияр Кембілов бапкерлік мансабын 2005 жылы бастаған.

    "Ордабасы U-16", "Академия Оңтүстік", "Тұран Ж", "Яссы" сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі уақытта ол "БИІК-Шымкент" қыздар командасының ​​бас бапкері лауазымын қатар атқарады.

    Осыған дейін бұл қызметте ресейлік маман Александр Семенов болған еді.

    Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды.

    Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

    Маңызды турнир алдында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.