jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Роналду өнер көрсететін клуб атақты футболшыны сатып алды

    футболшы
    Садьо Мане жасыл алаңда. Фото: "Бавария" футбол клубының баспасөз қызметі

    Сенегал құрамасының шабуылшысы Садьо Мане "Әл-Наср" ойыншысы атанды. Бұл ақпаратты Сауд Арабиясында өнер көрсететін клубтың баспасөз қызметі растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Бавария" футбол клубы бұл трансфер үшін бонуспен қоса есептегенде 28-30 миллион еуро алады.

    Ал Садьо Манеге "Әл-Наср" клубы жылына 40 миллион еуродай жалақы береді деп күтіліп отыр.

    Шабуылшы осы жылы Криштиану Роналду, Марцело Брозович, Алекс Теллес және Секо Фофанамен бірге доп тебеді.

    Айта кетейік, Садьо Мане өткен маусымда мюнхендік "Бавария" сапында доп теуіп, 12 гол соққан және 6 рет әріптестеріне нәтижелі пас берген.

    Бұған дейін Сенегал құрамасының капитаны "Ливерпуль", "Саутгемптон", "Ред Булл Зальцбург" сапында доп тепкен.

    Роналду өнер көрсететін клуб атақты футболшыны сатып алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.