Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Астана" өз алаңында да ұтылды

Опубликовано:

Астана футбол клубы
Астана футбол клубы. Фото: fcastana.kz

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің жауапты матчын өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Астана арена" стадионында елордалық команда загребтік "Динамо" клубын қабылдады.

Қос ұжым арасындағы алғашқы матч Хорватияда өтіп, 4:0 есебімен алаң иелері жеңіске жеткен болатын.

Елордадағы ойында "Астана" есе қайтара алған жоқ және 0:2 есебімен ұтылды.

Осылайша, елордалық ұжым Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне шыға алмады.

Айта кетейік, елордалық клуб Чемпиондар лигасының алғашқы айналымында тбилисилік "Динамо" командасын жарыс жолынан шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2031054-cempiondar-ligasy-astana-oz-alanynda-da-utyldy/

pixel