Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Конференция лигасы: "Ордабасы" мен "Легия" арасындағы қарымта ойында 5 гол соғылды

Опубликовано:

қақпашы
Шайзада жасыл алаңда. Фото: "Ордабасы" футбол клубының ресми сайты

Шымкенттік "Ордабасы" Конференция лигасының келесі кезеңіне шыға алған жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Конференция лигасының екінші айналымында "Ордабасы" Польшаның "Легия" клубымен шеберлік байқасты.

Бір апта бұрын Шымкентте өткен ойында тең нәтиже тіркелген еді.

"Легияның" стадионындағы қарымта ойында алаң иелері 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, шымкенттік "Ордабасы" Конференция лигасының үшінші кезеңіне өте алған жоқ.

Айта кетейік, Конференция лигасының үшінші айналымына қостанайлық "Тобыл" мен "Ақтөбе" жолдама алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2031199-konferenciya-ligasy-ordabasy-men-legiya-arasyndagy-qarymta-oiynda-5-gol-sogyldy/

pixel