jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Криштиану Роналду екі қазақстандық азаматтың Instagram парақшасына жазылған

    Криштиану Роналду жасыл алаңда
    Криштиану Роналду. Фото: instagram/cristiano

    Криштиану Роналду Instagram желісінде 600 миллион оқырман жинап, өз рекордын жаңартты. Сондай-ақ, ол екі қазақстандықтың желідегі парақшасына жазылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Роналду Instagram желісінде 600 миллион оқырман жинаған алғашқы адам атанды. Оның өзі де бірқатар өнер және спорт жұлдыздарына жазылған.

    Роналдудың өзі 566 аккаунтты қадағалайды. Олардың ішінде екі қазақстандық та бар. Атап айтар болсақ, әлем футболының жұлдызы Криштиану даңқты боксшы Геннадий Головкин мен 15 жастағы ерекше бала Әли Тұрғынбеков бар.

    Бір қызығы, Головкиннің өзі Роналдуға жазылмаған. Ал дамуында ерекшелігі бар Әли мен Роналду 2019 жылы Хабиб Нурмогамедовтің мұрындық болуымен танысқан еді.

    Instagram желісіндегі оқырман саны бойынша екінші орында Лионель Месси (482 миллион), үшінші орында Селена Гомес (417 миллион) тұр.

    Криштиану Роналду екі қазақстандық азаматтың Instagram парақшасына жазылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.