jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлемге әйгілі Неймар ресми түрде "Әл-Хилаль" ойыншысы атанды

    Неймар
    Неймар. Фото: Lars Baron/Getty Images

    Бразилия құрамасының ойыншысы ПСЖ сапынан кетіп, ресми түрде "Әл-Хилаль" ойыншысы атанды. Бұл туралы команданың желідегі ресми парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    31 жастағы футболшы клубпен екі жылдық келісімшартқа қол қойған. Саудиялық клуб Неймарға екі маусым доп тепкені үшін 320 миллион доллар көлемінде жалақы төлемек.

    Неймар саудиялық клубқа ауысу үшін де өз талаптарын қойып үлгерді. Ол Сауд Арабиясында арнайы қызметшілері бар жеке үй, жеке ұшақ болуын сұраған.

    Одан бөлек, футболшы аяғы ауыр сүйіктісін өзімен алып келетін болды. Сауд Арабиясында некесіз адамдардың бірге тұруына тыйым салса да, әлемдік футбол жұлдызының айтқанын саудиялықтар екі етпей орындауда.

    Сондай-ақ Неймар Сауд Арабиясынан әлеуметтік желіге суреттер салғаны үшін де ірі көлемде қаражат алмақ.

    2017 жылдан бастап Неймар франциялық "ПСЖ" клубында өнер көрсетті. Ол команда сапында 173 ойын өткізіп, 118 гол соққан.

    Әлемге әйгілі Неймар ресми түрде "Әл-Хилаль" ойыншысы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.