jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Ирак пен Ауғанстанда соғысқан: Мессидің АҚШ-тағы оққағары кім (видео)

    Лионель Месси әлем кубогын көтеруде
    Лионель Месси. Фото: twitter/fifaworldcup

    АҚШ-тың "Интер Майами" клубында ойнайтын Лионель Мессидің оққағары желіде танымалдыққа ие болды. Бұл туралы rsport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мессидің жеке оққағары әйгілі футболшыны матч кезінде де торуылдап жүреді. Өйткені ол өз клиентін алаңнан жүгіріп шығатын жанкүйерлерден қорғауы тиіс.

    Желіде Леоны алаң шетінде аңдып жүрген оққағарының бейнежазбасы жарияланды. Оған Мессиді фанаттардан қорғау үшін жасыл алаңға шығуға да рұқсат етілген.

    Лионель Мессидің оққағарын әйгілі футболшы Дэвид Бекхэм таңдаған. Бекхэм "Интер Майами" клубының қожайындарының бірі.

    Ал Мессидің оққағарының аты-жөні - Яссин Чуэко. Ол бұрын АҚШ әскерінің арнайы жасағында қызмет еткен.

    Сондай-ақ Ирак пен Ауғанстандағы соғысқа қатысқан. Яссин түрлі жекпе-жек өнерін меңгерген. Бокспен шұғылданып, бірнеше рет ММА-де бақ сынады.

    Ирак пен Ауғанстанда соғысқан: Мессидің АҚШ-тағы оққағары кім (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.