Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяғы ісіп кеткен: Испания футбол федерациясы президентінің анасы үш күн бойы шіркеуде аш отырған

Опубликовано:

доп
Доп. Көрнекі фото: pixabay.com

Испан корольдігі футбол федерациясының басынан бұлт арылар емес. Футболшы қызды қуаныштан сүйіп алған Луис Рубиалесті көпшілік қызметінен кетіруге тырысуда, деп жазады Sport24.ru.

Испания әйелдер құрамасы тарихта тұңғыш рет футболдан әлем чемпионы атанды. Марапаттау рәсімінде қатты қуанған Рубиалес футболшы қыздардың бірін ернінен сүйіп алған еді.

Бұл қоғамда үлкен дау тудырып, Рубиалестің бұл әрекеті ФИФА-ны да ойландырып тастады.

Ал шенеуніктің анасы Анхелес Бехар ұлының кінәсіздігін айтып, көпшілікпен күреске шықты.

Ол ұлын айыптаушыларға қарсылық ретінде аштық жариялап, шіркеуге қамалған болатын.

Үш күн бойы нәр татпаған 72 жастағы кейуана ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның шаршағанын және аяғы ісіп кеткенін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2034654-ayagy-isip-ketken-ispaniya-futbol-federaciyasy-prezidentinin-anasy-us-boiy-sirkeude-as-otyrgan/

pixel