Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнольд Кнауб футзалдан әлем чемпионатында қалай жеңіске жетуге болатынын айтты

Жарияланған күні:

Арнольд Кнауб
Фото: Parimatch

Қыркүйек айында Қазақстан 2024 жылғы футзалдан әлем чемпионатына іріктеу матчтарының элиталық раундына қатысады. Шешуші шайқас қарсаңында ұлттық құраманың ойыншысы Арнольд Кнауб сұхбатында елдегі спорттың дамуы туралы өз пікірін, сондай-ақ өміріндегі қызықты жаңалықтарымен бөлісті.

Мансабыңыздағы қандай жетістіктеріңізді ерекше мақтан тұтасыз?

Оның бірнешеуі бар, бірақ мен 2021 жылы Литвада өткен футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалына шыққанымызды және Сербияда өткен Еуропа чемпионатында 3-ші орынға ие болғандығымызды ерекше деп айта кеткім келеді. Бұл әзірге Қазақстан үшін командалық спорт түрлеріндегі жалғыз медальдар, сондықтан мен үшін өте маңызды жетістіктер болып саналады.

Сіз көп жылдар бойы Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп келесіз. Халықаралық турнирлерде өз еліңіздің атынан шыққанда қандай эмоцияларды сезінесіз?

Мен өз елімнің патриотымын. Мен Қазақстанда өстім, мұнда мен тұлға ретінде қалыптастым, қызым дүниеге келді. Біздің ұлттық құрамада ойнай отырып, мен ризашылық пен мақтаныш сезімін, сондай-ақ жанкүйерлеріміз бен отандастарымыздың алдындағы жауапкершілікті сезінемін.

Жақында іріктеудің соңғы кезеңі. Сізде қандай үміт бар?

Біз дайындықты 9-10 қыркүйекте бастаймыз және шайқас оңай болмайды дегенге де дайынбыз. Бірақ біз алға қойған мақсаттарға жетіп, 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін 100%-ға, ал қажет болса, одан да көп күш жұмсауға тиіспіз.

Қазақстан футзал бойынша әлемдік рейтингтегі үздіктердің 10-дығына кіреді. Аталған тізімде бірінші орынға шығып, әлем чемпионатында жеңіске жету үшін не қажет?

Менің ойымша, мұнда кешенді тәсіл қажет. Тек бас жаттықтырушыларды ғана емес, сонымен қатар дене дайындығы бойынша, қақпашыларды және және т.б. бір жақты бейінді мамандарды да оқыту қажет. Аталған мамандар біздің елімізде өте аз.

Сондай-ақ балаларды қызықтырып, баулып, болашақ чемпиондарды өсіруді бастау үшін үлкен футбол базаларында және аймақтарда футбол орталықтарын ашу керек. Өйткені, қазір кез-келген аулада көгалдандырылған футбол алаңдары бар, ал футзал ойнау үшін Сізге тек кроссовкалар мен доп қажет. Осылайша, барлық жас аралығындағы адамдар арасында бәсекелестік артып, ұлттық құрамада тек үздіктер ғана ойнайтын болады.

Егер балаларды кезең-кезеңімен ұлттық құраманың деңгейіне дейін дамыта алатын жақсы базалық мектеп болса, онда біз рейтингтің шыңынан орын алу мүмкіндігіне ие болып, әлем чемпионатында жеңіске жетуге үміткер бола алатын едік. Бұл өте ауыр жұмыс, дегенмен біз дұрыс бағытта келе жатырмыз.

Мансабыңыз жайлы айта кетесіз бе? Өзіңіздің жаңалықтарыңызбен немесе болашақ жоспарларыңызбен бөлісе аласыз ба?

Мен Parimatch халықаралық беттинг-компаниясының ресми серіктесі болдым. Біздің ынтымақтастығымыз тек бастапқы кезеңде, алайда мен компаниядан да, оның қызметкерлерінен де жағымды әсер алып үлгердім. Бізді жақын арада көптеген қызықты жобалар күтіп тұрғанына күмәнім жоқ.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2034944-arnold-knaub-futzaldan-alem-cempionatynda-qalai-zeniske-zetuge-bolatynyn-aitty/