jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңіліс тапты

    Қазақстан мен Финляндия арасындағы матч
    Қазақстан мен Финляндия арасындағы матч. Фото: instagram/kff_team

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан өз алаңында Финляндияға есе жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Тартысты өткен бірінші таймда екі команда да қақпадан саңылау таба алған жоқ.

    Ал екінші тайм орталаған тұста "викингтер" сапынан Оливер Антманн Қазақстан қақпасын дәл көздеді.

    Осылайша, Финляндия құрамасы бұл топта жеке-дара көш бастады. Соңғы төрт ойында финдер сырт алаңдағы ойынды жеңіліп көрмеген.

    Енді Қазақстан құрамасын Еуро-2024 турнирі іріктеу аясында тағы бір кездесу күтіп тұр.

    10 қыркүйек күні Магомед Адиев шәкірттері "Астана Аренада" Солтүстік Ирландияны қабылдайды.

    Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндиядан жеңіліс тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.