![турнир турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120x630/b96a70ad7db9bd29.jpeg)
Шымкент қаласында спорттық кіші футбол және баскетболдан "Аула клубтары" арасында турнир басталды. Қаланың бес ауданында басталған іс-шараға ұйытқы болған – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы. Қаламызда алғаш рет өтіп жатқан спорттық жарысқа 50 мектептен оқушылар қатысып жатыр.
Турнирдің мақсаты – жастарды дене шынықтыру және спортқа баулу арқылы салауатты өмір салтын қалыптастырып, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресуге үйрету. Осындай жобалардың нәтижесінде спортқа қызығушы жастардың қатары артып келеді, дейді ұйымдастырушылар.
![Гүлнұр Асылбекова Гүлнұр Асылбекова](https://cdn.nur.kz/images/1120/e115bd50afcdb625.jpeg)
Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі Абай ауданына қарасты №55 жалпы орта білім беретін мектепте өтті. Іс-шараға қатысқан Абай ауданы әкімінің орынбасары Гүлнұр Асылбекова жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқаралық спортты дамыту бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай, қаламызда «Аула клубтары» спорттық жарысы ұйымдастырылып, мектеп оқушылары өзара сайысты. Жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған. Іс-шараға қатысушы жастарға сәттілік тілеймін!" – дейді Гүлнұр Асылбекова.
![турнир турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120/cf4a70a74bacdf50.jpeg)
Кіші футболдан ойын көрсеткен спортшылар алдымен жасыл алаңда бойларын сергітіп, ойынды бастап кетті.
![турнир турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120/e5e66e4545cb8b83.jpeg)
"5 жасымнан бастап спортпен айналысып келемін. Оның ішінде футболға қатты қызықтым. Соңғы 5 жылда түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеміз. Бүгінгі ойынға тыңғылықты дайындықпен келдік", – дейді қалалық №87 жалпы білім беретін орта мектебінің жас спортшысы Сержан Дүсенбек.
![турнир турнир](https://cdn.nur.kz/images/1120/d68782d2b4d4ab75.jpeg)
Айта кетейік, жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталып, қалалық кезеңге жолдама алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2036648-symkentte-zasospirimder-arasynda-sporttyq-turnir-bastaldy/