Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эстония мен Арменияға қарсы ойнайтын футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы белгілі болды

Опубликовано:

футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығуда
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы жаттығуда. Фото: Ақұлпа Тұрлыбай/kff.kz

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Мадияр Кембілов УЕФА Ұлттар лигасы аясында Эстония мен Арменияға қарсы ойындарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтында хабарлады.

Футбол федерациясының мәліметінше, қыркүйек айында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында сырт алаңда екі ойын өткізеді.

Қазіргі таңда Мадияр Кембіловтің шәкірттері алдағы матчтарға қызу дайындалуда. Оқу-жаттығу жиыны Талғардағы ұлттық құраманың оқу-жаттығу базасында өтуде және ол 19 қыркүйекке дейін жалғасады.

Эстония мен Қазақстан әйелдер құрамаларының ойыны 21 қыркүйекке жоспарланған. Матч Тарту қаласындағы "Тарту Тамме" стадионында өтеді. Басталуы – Астана уақытымен сағат 21:00-де.

Ал 26 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Армениямен ойнайды. Кездесу Армавир қаласындағы "Армавир" стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Эстония мен Армения матчтарына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Ангелина Портнова, Виктория Зейнали (екеуі де – "Оқжетпес"), Анастасия Хохлова ("Локомотив", Ресей), Арина Тихонова ("Қайрат");

Қорғаушылар: Айгерім Айтымова, Александра Бурова, Бибігүл Нұрышева, Мария Демидова, Қазына Норбаева (барлығы – "БИІК-Шымкент"), Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Анастасия Власова ("Оқжетпес"), Айша Садықова, Камила Совет (екеуі де – "Томирис-Тұран");

Жартылай қорғаушылар: Аида Гайстенова ("Енисей", Ресей), Камила Кұлмағамбетова ("Ворскла", Украина), Әселхан Тұрлыбекова, Карина Жұмабайқызы, Мәдина Жаңатаева, Фатима Сатығалиева, Жанеля Ержанова, Алина Лозукова (барлығы – "БИІК-Шымкент"), Әсем Қаражанова ("Томирис-Тұран"), Адина Ізімбаева ("Қайрат");

Шабуылшылар: Светлана Бортникова ("БИІК-Шымкент"), Арайлым Орынбасарова ("Оқжетпес"), Анеля Мамырова ("Томирис-Тұран");

Бапкерлер штабы: Мадияр Кембілов – бас бапкер, Бегайым Қырғызбаева – бас бапкердің көмекшісі, Мұрат Қаламбеков – фитнес жаттықтырушы, Мұрат Мұқашев – қақпашылардың жаттықтырушысы, Бауыржан Абаев – дәрігер, Арман Нұрланұлы – массажист, Ердос Кәлімов – массажист, Хайдар Көбейов – әкімші, Данияр Анес – менеджер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2037058-uefa-ulttar-ligasyna-qatysatyn-qazaqstan-aielder-quramasynyn-quramy-belgili-boldy/

pixel