jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Шексіз интернеті бар sim-карта, кілем": Иранға келген Роналду сыйлықтың астында қалды

    Криштиану Роналду
    Криштиану Роналду. Фото: instagram.com/alnassr

    Криштиану Роналду "Аль-Наср" құрамымен Иранға келіп, жергілікті халықты қуантты. Ирандықтар португалиялық жұлдызды ыстық ықыласпен күтіп алып, сый-сияпаттарын тарту етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ sportsdaily.ru басылымына сілтеме жасап.

    "Аль-Наср" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуға ирандықтар үлкен кілем сыйға тартқан. Португалиялық футболшы Иранға Азиялық чемпиондар лигасы аясында өтетін "Персеполис" командасына қарсы матчке келген.

    Оған қоса Криштиану мен "Аль-Наср" командасының өзге ойыншылары шексіз интернеті бар SIM-карталарға ие болды. Бұл жағдай жергілікті халықтың ашуын тудырды. Себебі, қатаң заңдарға сәйкес, Иран азаматтарының көпшілігінде аталмыш SIM-карталарды алу мүмкіншілігі жоқ.

    "Аль-Наср" "Персеполис" командасымен 19 қыркүйек күні кездеседі. Сауд Арабия чемпионатында Роналдудың командасы алты турдан кейін 12 ұпай иеленіп, алтыншы орында келе жатыр.

    Айта кетейік, Роналду "Аль-Наср" құрамына 2023 жылдың қаңтар айында қосылды. Португалиялық бұл клуб үшін 25 матч өткізді. Ол 21 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

    "Шексіз интернеті бар sim-карта, кілем": Иранға келген Роналду сыйлықтың астында қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.