Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ойын кезінде ашуға бой алдырған әйгілі футболшы Неймар қарсыласын итеріп жіберді (видео)

Опубликовано:

Неймар
Неймар. Фото: Chris Ricco/Getty Images

"Аль-Хиляль" командасының шабуылшысы Неймар азиялық чемпиондар лигасы аясында өткен матчте ашуға ерік берді. Бразилиялық жұлдыз "Навбахор" ойыншысымен сөзге келіп, оны жерге құлатты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Неймар маңызды матч кезінде қарсыласын жерге итеріп құлатып, артырнан оған қарай доп тепті. Нәтижесінде төреші бразилиялық футболшыға сары қағазды көрсеткен.

Футбол алаңында орын алған келеңсіз жағдайдың видеосы желіде тарап кетті. Оқырмандардың көпшілігі шабуылшының әрекетін сынап тастады.

Еске сала кетейік, Неймар "Аль-Хиляль" құрамына осы жазда қосылған болатын. Бразилиялық жұлдыз саударабиялық клубпен 2025 жылға дейін келісімшартқа отырды.

Неймар "Аль-Хиляль" үшін екі матч өткізіп, екі нәтижелі пас берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2037152-oiyn-kezde-asuga-boi-aldyrgan-aigili-futbolsy-neimar-qarsylasyn-iterip-ziberdi-video/

pixel