jitsu gif
Спорт

    "Үлкен мүмкіндік бар": Нұралы Әліп футболдан Қазақстан құрамасының әлеуеті туралы айтты

    Нұралы Әліп
    Фото: instagram.com/nurik028

    Ресейлік "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Қазақстан ұлттық құрамасының Еуропа чемпионатына қатысу мүмкіндігі жайлы айтты. Спортшының сөзінше, ел құрамасы іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, негізгі турнирдің қатысушысы болуы әбден мүмкін, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Нұралы Әліп Евро-2024 жайлы өз ойын "Матч ТВ" ресми сайтына берген сұхбаты барысында айтты. Қазақстандық футболшы ел құрамасының беделді турнирдің қатысушысы бола алатынына сенеді.

    Оның сөзінше, қазіргі уақытта топтағы командалардың ұпай саны бір-бірінен қатты алшақ емес. Сол себепті іріктеудің нәтижесі соңғы ойындарда белгілі болады.

    "Біздің топта қызық жағдай орын алуда. Словения мен Данияда 13 ұпайдан, Финляндия мен Қазақстанда 12 ұпайдан. Төрт командада ұпай саны бірдей десек болады. Барлығы соңғы турларда, қазан мен қараша айларында шешілетін болады. Қазақстан құрамасы "евроға" бара алады деп ойлаймын. Үлкен мүмкіндік бар. Оның үстіне футболда бәрі мүмкін", - деді қорғаушы.

    Айта кетейік, отандасымыз Нұралы Әліптің ойыны белгілі ресейлік комментатордың көңілінен шыққан. Геннадий Орлов қазақстандық футболшының ойынын мақтап, оған жоғары бағасын берді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.