Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Чемпиондар лигасы: "Реал" матчтың соңғы минуттарында гол соғып, жеңіске жетті

Опубликовано:

Джуд Беллингем ойын алаңында
Фото: realmadrid.com/Helios de la Rubia

Күні кеше мадридтік "Реал" чемпиондар лигасының алғашқы туры аясында өз алаңында германиялық "Унион" командасын қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алаң қожайындары қарсыласын қиындықпен жеңді. Соңғы минуттарда "Реал" футболшысы Джуд Беллингем гол салып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Мадридтік клуб 90 минут бойы бірқатар қауіпті шабуыл жасағанымен, германиялық команданың қорғанысы оларға есеп ашуға мүмкіндік бермеді.

Сондай-ақ кеше "Бавария" мен "Манчестер Юнайтед" арасында да тартысты матч болды. Кездесу 4:3 есебімен мюнхендік клубтың жеңісімен аяқталды.

"Бавария" сапында Сане (28), Гнабри (32), Кейн (53), Тель (92) гол соқты. Ал "Манчестер Юнайтед" футболшыларынан Каземиро дубль жасап, Хойлунд бір голдың авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2037523-cempiondar-ligasy-real-matctyn-songy-minuttarynda-gol-sogyp-zeniske-zetti/

pixel