jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бұрынғы футболшы Роналдо үшінші рет үйленді (фото)

    Роналдо сүйіктісі Селина Локспен
    Роналдо сүйіктісі Селина Локспен. Фото: instagram.com/celinalocks

    Футболдан Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылдаушысы, әйгілі Роналдо үшінші рет үйленді. Ол жеті жыл бойы кездесіп жүрген сүйіктісі Селина Локспен отбасын құрды.

    Mirror басылымының жазуынша, бұрынғы футболшы мен модель 25 қыркүйекте Ибицада орналасқан Эс-Кубелл деп аталатын кішкентай ауылдағы шіркеуде некесін қидырған.

    Қонақтар арасында жұбайлардың туыстарынан бөлек, Роналдоның "Реалда" бірген ойнаған бұрынғы әріптесі Хулио Баптиста да болған.

    Кейін үйлену тойы футболшының үйінде жалғасып, салтанатты шараға 400-ден аса адам келген.

    "Бүгін біз некелескен күнімізді атап өту үшін отбасымыздың басын қосып жатырмыз. Алда бір апта бойы мереке болмақ", - деп жазды Локс өзінің Instagram парақшасында.

    Айта кетейік, 47 жастағы Роналдоның бұрынғы некелерінен төрт баласы бар.

    Бұрынғы футболшы Роналдо үшінші рет үйленді (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.