jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Конференция лигасы: "Астана" өз алаңында "Виктория Пльзеньге" есе жіберді

    ФК "Астана"
    ФК "Астана". Фото: fcastana.kz

    "Астана" футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңі аясындағы екінші кездесуін өткізді. Қазақстандық команда өз алаңында чехиялық "Виктория Пльзеньді" қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ойынның 23-минутында "Астана" капитаны Марин Томасов қарсылас қақпасына гол салды. Алайда ойыннан тыс қалғандықтан бұл нәтиже есепке алынбады.

    Матчтің 51-минутында Томасов өз дегеніне жетіп, алғашқы голын салды. Бірақ үш минуттан кейін "Виктория Пльзень" шабуылшысы Томас Хоридің соққысы "Астана" қақпасына дәл тиіп, есеп теңесті.

    Қарсыластарын қыспаққа алған чехиялықтар кездесудің 57-минутында екінші голдарын салды. Ойынның тағдырын шешкен футболшы - Ян Копиц.

    "Астана Аренада" өткен тартысты матч 1:2 есебімен "Виктория Пльзень" командасының жеңісімен аяқталды.

    Бұл "Астананың" Конференция лигасының топтық кезеңіндегі екінші ойыны. Алғашқы турда "Динамо Загреб" командасынан 1:5 есебімен жеңіліп қалған болатын.

    Конференция лигасы: "Астана" өз алаңында "Виктория Пльзеньге" есе жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.