jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Футболшы Эден Азар кәсіби мансабын аяқтады

    Эден Азар
    Эден Азар. Фото: Twitter/Fifa World cup

    Футболдан Бельгия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Эден Азар ресми түрде кәсіби мансабын аяқтады. Бұны футболшы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "16 жыл және 700-ден аса ойыннан кейін кәсіби мансабымды аяқтауды ұйғардым. Мен өз арманымды орындадым. Еуропа мен әлем бойынша көп жерде ойнадым. Футболдың арқасында керемет жандармен, менеджерлермен, бапкерлермен, ойыншылармен таныстым. Өзім өнер көрсеткен "Лилль", "Челси" және "Реал Мадрид" клубтарына алғысымды білдіремін. Сондай-ақ Бельгия құрамасына ерекше рахмет айтқым келеді. Әр кез қасымнан табылған жақындарыма, достарыма алғысым шексіз. Үнемі қолдау білдірген жанкүйерлеріме рахмет. Алаңнан тыс жерде көріскенше", – деп жазды Азар.

    32 жастағы футболшы "Лилль", "Челси" және "Реал Мадрид" сияқты клубтарда өнер көрсетті. Cпортшы Мадридтік команда сапында көп жарақаттанып, негізгі құрамдағы орнын жоғалтып алған еді.

    Ал Бельгия ұлттық құрамасының сапында 126 ойын өткізіп, 33 гол соққан.

    Футболшы Эден Азар кәсіби мансабын аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.