jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Уэйн Руни "Бирмингем Ситидің" бас бапкері атанды

    Уэйн Руни
    Уэйн Руни. Фото: Anthony Devlin/Getty Images

    "Манчестер Юнайтед" және Англия футбол құрамасының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни "Бирмингем Ситидің" бас бапкері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

    "Бирмингем Сити" клубы мен ағылшын футболының аңыз ойыншысы үш жарым жылдық келісімшартқа қол қойды. Рунидің жаңа клубы дәл қазір Чемпионшипте алтыншы орынға табан тіреген.

    Уэйн Рунидің апталық жалақысы 33 500 долларды құрайды. Оған дейін команданы жаттықтырған бапкер Джон Юстас 10 400 доллар алған.

    Рунидің көмекшілері болып Англия құрамасында өзімен бірге ойнаған Эшли Коул мен "Манчестер Юнайтедтегі" командаласы Джон О'Ши қызмет етеді.

    Айта кету керек, Уэйн Руни өткен аптада америкалық "Ди Си Юнайтед" бапкері қызметінен кетті. Ол команданы өткен жылдың шілде айынан бері жаттықтырған болатын. Англиялық маман клубты MLS плей-офф кезеңіне өткізе алмады.

    Уэйн Руни "Бирмингем Ситидің" бас бапкері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.