jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанға қарсы матчта камбэк жасады

    Футзалдан Қазақстан құрамасы
    Футзалдан Қазақстан құрамасы Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Әзербайжан командасын қабылдады. Тартысты матчта отандастарымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ойынның төртінші минутында Әзербайжан сапында Амадеу матчтың алғашқы голын салды. Тағы төрт минуттан соң Эвертон есепті 0:2 жеткізді.

    Алайда матчтың 12-минутында Қазақстан құрамасы камбэк жасауға кірісті. Қорғаушы Леоның жойқын соққысы қақпаға дәл тиіп, есеп қысқарды.

    18-минутта отандасымыз Біржан Оразов оны теңестірсе, 22-минутта Дуглас Джуниор ұлттық құраманы алға шығарды.

    Тартысты кездесу 3:2 есебімен Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

    Кака шәкірттері келесі ойынын 14 желтоқсан күні Нидерланды құрамасына қарсы өткізеді.

    Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әзербайжанға қарсы матчта камбэк жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.