jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Футболдан әлем чемпионатының финалы Мадридте өтуі мүмкін

    "Сантьяго Бернабеу" стадионы
    "Сантьяго Бернабеу" стадионы. Фото: realmadrid.com

    2030 жылғы әлем чемпионатының финалы Испания астанасы Мадридте "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтуі мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ испаниялық AS басылымына сілтеме жасап.

    Футболдан 24-ші әлем чемпионатының негізгі ойындарын Испания, Португалия және Марокко мемлекеттері қабылдайды.

    Үш елде де финал өткізуге лайық алаңдар бар. Алайда бірқатар шетелдік БАҚ ақтық сынның "Реал Мадрид" клубының "Сантьяго Бернабеу" стадионында өтуі мүмкін екенін хабарлауда.

    Айта кетейік, "Сантьяго Бернабеу" Fourfourtwo рейтингісі бойынша әлемдегі ең үздік стадион болып танылған еді.

    Футболдан әлем чемпионатының финалы Мадридте өтуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.