jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды

    Қазақстан ұлттық құрамасы
    Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Матч бүгін түнде Астана уақыты бойынша сағат 00:35-те Копенгагендегі "Паркен" стадионында өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрлік мәліметіне сүйенсек, "Н" тобындағы алты турдан кейін Қазақстан құрамасы - 12 ұпай, Дания құрамасы - 13 ұпай жинады. 26 наурыздағы алғашқы кездесулерінде қазақстандық команда Данияны сенсациялық түрде 3-2 есебімен жеңді.

    "Бұл - біз үшін футболымыздың әлеуетін бүкіл Еуропаға тағы бір мәрте паш етіп, жастарымызды спортқа ынталандыруға мүмкіндік беретін маңызды матч. Футболшыларымызға барын салып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетулерін тілейміз", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

    Туризм және спорт министрлігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, матч отандық Qazsport және Qazaqstan телеарналарында көрсетіледі.

    Қазақстан ұлттық құрамасы EURO-2024 іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Дания командасына қарсы ойнайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.