jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Еуро-2024-ке іріктеу: Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

    Дания - Қазақстан матчы
    Дания - Қазақстан матчы. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы жетінші турда Қазақстан құрамасы Данияға 3:1 есебімен ұтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан-Дания арасындағы матч Копенгагендегі "Паркен" стадионында өтті.

    Алғашқы болып алаң иелері ойынның 36-минутында есеп ашты. Йонас Винд 1:0 есебімен Дания құрамасын алға шығарды. Ойынның 45, 48-минутында Роберт Сков екі гол соғып, 1 тайм даниялықтардың пайдасына шешілді.

    Ал Қазақстан құрамасы қарымта голды ойынның 58-минутында соға алды. Қазақстан сапынан Ян Вороговский мергендігімен көзге түсті.

    Осылайша, Қазақстан құрамасы 3:1 Данияға есе жіберді.

    Келесі матчты Қазақстан құрамасы 17 қазанда Финляндияға қарсы өткізеді. Ойын Хельсинкидегі олимпиадалық стадионда Астана уақытымен 22:00-де өтеді.

    Еуро-2024-ке іріктеу: Қазақстан құрамасы Данияға есе жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.