jitsu gif
Спорт

    Футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алған жеті құрама белгілі болды

    Түркия құрамасының ойыншысы Юнус Ақкүн
    Юнус Ақкүн. Фото: instagram/yunusakgun17

    15 қазан күні 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің бірқатар матчтары өтті. Содан соң, қарт құрлық додасына тікелей жолдама алған тағы үш команда анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Кешегі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Испания (А тобы), Шотландия (А тобы) және Түркия (D тобы) Еуропа біріншілігіне жолдама алды.

    Испандықтар Норвегияны 1:0 есебімен ұтса, Шотландия топтағы екінші орынмен-ақ кәрі құрлық чемпионатына қатысу мүмкіндігін иеленіп отыр.

    Ал түріктер өз алаңында Латвияны 4:0 есебімен жеңіп, құрлықтық додаға қатысу мәселесін шешіп алды.

    Айта кетелік, бұған дейін Португалия, Франция, Бельгия және Германияның Еуропа біріншілігінде бақ сынайтыны белгілі болды.

    Құрлық чемпионатына әлі 17 ұлттық құрама іріктеледі.

    Футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алған жеті құрама белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.