jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Петропавлда 18 жастағы футболшы ойын кезінде құлап, қайтыс болды

    футболшы11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Петропавлда 18 жастағы футболшы жаттығу кезінде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қала алмады. Ол аурухананың қабылдау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде қайғылы оқиғаның видеосы тарап кетті. Бейнежазбада ойыншының жүгіріп келе жатып, кенеттен жерге құлап қалғаны көрініс тапты.

    Белгілі болғандай, 16 қазан күні сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен.

    Аталған оқиғаға қатысты ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Анықтағандай, қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды

    "Жас жігітті Жамбыл-Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлердің алып кеткені анықталды. Футбол ойнау кезінде қала тұрғыны өзін жайсыз сезініп, көгалға құлаған", - делінген ресми мәлімдемеде.

    Факт ҚР ҚК-нің 001-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.

    Петропавлда 18 жастағы футболшы ойын кезінде құлап, қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.