jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген атанды

    Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде
    Бахтиер Зайнутдинов ойын кезінде. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    ЕУРО-2024 іріктеу матчында Финляндия қақпасына екі гол салған қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов командасына жеңіс қана алып келмей, футболдан Қазақстан құрамасы тарихындағы сұрмергендер тізімінде көш бастады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бахтиер Зайнутдинов ұлттық құрама сапындағы 13 және 14-голын соғып, ең үздік сұрмерген атанды. Бұған дейін аталмыш рекорд Руслан Балтиевке (13 гол) тиесілі болған еді.

    17 қазанда Қазақстан құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңі аясында сырт алаңда Финляндия командасымен кездесті. Тартысты матчта отандастарымыз камбэк жасап, тарихи жеңіске жетті.

    Айта кетейік, осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасын қоржынында 15 ұпай бар. Қазақстандықтар енді Еуро-2024 жолдамасы үшін таласты жалғастырады.

    Бахтиер Зайнутдинов Қазақстан құрамасы тарихындағы үздік сұрмерген атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.