jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Футболдан Бразилия құрамасы соңғы 22 жылда алғаш рет Уругвайдан жеңіліп қалды

    Бразилия құрамасы
    Бразилия құрамасы. Фото: Twitter/Fifa World Cup

    2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында өткен Уругвай мен Бразилия матчында тарихи жағдай орын алды. Бразилиялықтар бұл қарсыластарына соңғы 22 жылда алғаш рет жеңілді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Уругвай мен Бразилия құрамалары арасындағы кездесу 2:0 есебімен уругвайлықтардың жеңісімен аяқталды. Гол авторы Дарвин Нуньес пен Николас Де Ла Круз.

    Айта кетерлігі, Бразилия құрамасы 2001 жылдың шілдесінен бері Уругвайға алғаш рет жеңіліп отыр.

    Сондай-ақ, Бразилия құрамасы екінші таймды басты жұлдызы Неймарсыз өткізді. Шабуылшы бірінші таймның соңында ауыр жарақат алып қалды.

    31 жастағы бразилиялықты Ришарлисон ауыстырды. "Аль-Хиляль" шабуылшысы алаңнан кетіп бара жатып, көз жасын тыя алмады.

    Футболдан Бразилия құрамасы соңғы 22 жылда алғаш рет Уругвайдан жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.